2019 жылдың 31 мамыр күні № 12 «Салтанат» бөбекжайында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің!» атты мерекелік ойын-сауық өткізілді.
Таңертеңгі сағат 7.00 - ден бастап бөбекжай тәрбиешілері балаларды жылы шыраймен, көңілді әуенмен, тәтті сыймен қарсы алды. Әр балаға тәтті сый таратылды. Балалар осылай күндерін қуанышты көңіл-күймен бастады. Әрі қарай таңертеңгі астан кейін бөбекжай ауласында мереклік іс-шара басталды. Іс-шара барысында балаларға арнап клоун-әзілкештеріден әртүрлі қойылымдар койылды. Балалардың қатысуымен қызықты ойындар ойналды, ән-жыр айтылып, би биленді, сиқыршының түрлі сиқырлары тамашаланды. Мереке соңында әр бүлдіршінге жеке-жеке сыйлық таратылды.
{gallery}02/4{/gallery}