2020 жылы ақпан айының 10 күні Жезқазған қаласындағы № 12 «Салтанат» бөбекжайынның «Ботакөз» тобында «Ананың алақаны – балаға саялы бақ» атты ата-аналармен тренинг өтті.
Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру, баламен қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Тренингке 15 ата-ана қатысты.
Тренинг «Киіз үй» атты танысу ойынынан басталды. Ата-аналар шаңырақ құрып дөңгеленіп тұрып өз балаларының аттарын атап, өздерін таныстырып шықты. Одан кейін ата-аналар түрлі түсті жүрекшелер арқылы 3 топқа бөлінді. Әр топ тапсырмаларды орындады. Ата-аналармен «Мен үшін қымбат...», «Бала деген кім?», «Жүректен шыққан жылы сөз» тақырыптарында ой қозғау өткізілді. Ата-аналар өздерінің көкейлерінде жүрген жылы сөздерін сыртқа шығарды. Тренинг арасында «Өз орныңды ауыстыр» ойынын ойнатылып, ата-аналар бір сергіп қалды. «Жағымсыз қылықтар», «Баламның жақсы қасиеттері», «Бақытты жанұя» тақырыптарында әңгіме қозғалып, ата-аналардың пікірлері талқыланды. Тренинг соңында ата-аналар жүрекше арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
{gallery}/1/5{/gallery}