oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/0-0/5
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/0-0/5

Ақпан айының 12 күні № 12 «Салтанат» бөбекжайының «Раушан» тобында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Ата-ана мен бала арасындағы махаббат» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті топ тәрбиешілері Г.Е.Камбасова мен А.Б.Сегізбай өткізді.

 

Тренингтің міндеті: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет.

 

Ата-аналар тренингке белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Тренинг «Бумба-Юмба тайпасының сәлемдесуімен басталды.  Ата-аналармен «Жунглидегі жаңбыр», «Өтінемін», «Көңілді шарлар» ойынымен жалғасты. Ата-аналар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды толығымен орындады. Ата-аналарға «Сіз қандай ата анасыз?» сауалнамасы таратылып, ситуациялық сұрақтар қойылды. Ата-аналар болашақта балаларының бойында көргісі келетін жақсы қасиеттерін жүрекшеге жазып, үлкен жүрекше жасады. Одан кейін ата-аналар «Тілек шамы» шеңберіне тұрып, тренингтен алған әсерлерін айтты және бір-біріне жылы лебіздерін айтып тренигті қортындылады.

{gallery}0-0/5{/gallery}