oC

Қазан айының 29-ы күні "Бауырсақ"  тобында "Күз тамаша"  атауымен күз мерекесі өткізілді. Ертеңгілікке балалар әдемі киімдерін киіп, үлкен дайындықпен келіпті.
Балалар күз мезгіліне арнап "Күз тамаша",  " Жау-жау жаңбыр" әндерін әуелете шырқады. Балаларға қонаққа Қара қарға келіп, мерекені тоқтатпақшы болды.  Орманшы амалын тауып, балаларды қарғадан құтқарды.  Сондай-ақ балалар"Саңырауқұлақты жіпке тіз",  "Қолшатыр"  ойындарын өте көңілді ойнады. Балалдың өнерін тамашалауға орманды сап-сары ғып сары түске бояп жүрген Алтын күз де келді.  Әсем қыздарымыз Алтын күзге "Жемістер" биін, ұлдарымыз "Саңырауқұлақтар"  биін биледі. Күз балаларға Алманы да ала келді. Балалардың өнеріне тәнті болған Алма өз бағынан бір себет алма сыйлады. Сонымен қатар ата-аналар да мерекеге тартылды "Күз сыйы"  көрмесіне қолдан бұйымдар жасап,  көрменің көркін көріктендіре түсті. Балаларымыз дендері сау болсын, өнерлері өрге жүзсін демекпіз.