«Елбасымыз – ел тірегі»
2020 жылдың 27 қараша күні бөбекжайымыздың ең кіші топтары «Алқызыл гүл» және «Бақ-бақ» топтарында «Тұңғыш Президент күнін» мерекелеуге арналған «Елбасымыз – ел тірегі» атты тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының гимнінен орындаудан басталды. Балаларға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында мәлімет берілді. Қыстың алғашқы мерекесі, яғни «1-желтоқсан Тұңғыш президент күні» екенін және де қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екені айтып түсіндірілді. Балалар Қазақстан Республикасының Рәміздерімен таныстырылды. Балалар «Рәміздерді тап», «Кім жылдам?» ойындарын асқан белсенділікпен ойнады. Елбасымыз жайлы шағын видео көрсетілді. Балалармен тәрбие сағаты сәтті қорытындыланды.
{gallery}000i/5{/gallery}