«Президент- ел тірегі»
27 қараша күні «№ 12 «Салтанат» бөбекжайының» «Жұлдыз» тобында « Президент- ел тірегі» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Балаларға тұңғыш елбасы туралы мағлұмат беру. ҚР рәміздерімен таныстыру. Балаларды Отанын, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатымыз гимнмен басталды. Балаларға видеоролик арқылы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы таныстырылды. Сонымен қатар балалар Елбасы күніне арналған өлең шумақтарын айтып, одан кейін өнерлерін ортаға салды. Мерекеде балаларға ғаламшардан қонақ келіп балаларды қуантты. Ғаламшардан келген қонақ балаларға сұрақтар қойып, балалар сұрақтарға жарыса жауап берді. Балалар ән мен би билеп ғаламшардан келген қонақты шығарып салды. Қонаққа арнап естелікке көңіл күймен салынған суреттерін сыйлыққа берді. Балалар мерекеден Елбасы туралы мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл күймен мерекені аяқтады.
{gallery}000i/6{/gallery}