oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/000i/7
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/000i/7

«Елін сүйген-Елбасы!»

№12 «Салтанат» бөбекжайында қараша айының 27 күні «Тұңғыш Президет күніне» арналған «Раушан» тобында «Елін сүйген-Елбасы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Елбасымыздың туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, Елбасының ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты гимнмен басталды. Балалар тәрбие сағатына қызушылықпен қатысты. Бүлдіршіндер Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы арнайы дайындалған деректі фильмін тамашалап,қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Сонымен қатар тосын сый сәтінде ғаламшардан қонаққа мультхикая кейіпкері Томпақ келіп, балаларды таңқалдырды. Бүлдіршіндер Томпаққа елбасы туралы өлең шумақтарын арнады. «Біз өнерлі баламыз» ойынын қызыға ойнады және де «Туған елім-Қазақстан» атты әнін шырқап, «Тұлпарым» атты би өнерлерін көрсетті.Томпақ балаларға сұрақтар қою арқылы «Ойланып көр» ойынын ойнатып, балалар қызығушылықпен белсене жауап берді. Тәрбие сағатының соңында қазақтың салт-дәстүрі бойынша ғаламшардан келген қонаққа, киіз үйдің керегесі керіліп, уықтары шаншылып, шаңырағы көтеріліп дайын тұрған киіз үй макеті сыйға тартылды. Тәрбие сағатынан бүлдіршіндеріміз Қазақстан Республикасының Президентінің өмірбаянымен толық таныстырылды.

{gallery}000i/7{/gallery}