oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/000i/9
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/000i/9


«Ел таңдаған – Елбасы»
Бөбекжайымызда, 30 қараша күні ересек «Қарлығаш» тобында «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «Ел таңдаған – Елбасы» атты тәрбие сағаты өтті.
Жоспар құрылып, жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен таныстыру, жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Ел таңдаған – Елбасынан үлгі алуға тәрбиелу. Балаларды еліміздің тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.
Атап айтар болсақ,тобымызға тақырыпқа сай стенд және қабырға банері шығарылды. Елбасының өмір жолы мен еңбек жолы жайында суреттер бұрышы ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында тәрбиеші Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек жолында атқарған істерімен таныстырды. Н.Ә.Назарбаев бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын тұлға екендігін айтып өтті. Отбасы жайында суреттер көрсете отырып әңгімелеп берді.
Балалар мерекелік іс-шара барысында әр-түрлі өнерлерін көрсетті. Елбасымызға арналған жыр-шумақтар мәнерлеп оқылып, «Ел басы, ел бағы» әні шырқалды. Тобымыздың сұлу қыздары «Шашу» биін және батыр ұлдар тобы «Менің тұлпарым» билерін паш етті. Тәрбие сағаты Гүлайым Жотаеваның әні мен сөзіне жазылған «Тәуелсіз ел ұраны» әнімен аяқталды.

{gallery}000i/9{/gallery}