oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/01/1
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/01/1

7-10 мамыр аралығында Алматы қаласында «Жеті өнер» ІІІ  Халықаралық  балалар мен жастар шығармашылық фестиваль –конкурсы болып өтті.  Аталмыш конкурсқа Жезқазған қаласының  № 12 «Салтанат» бөбекжайының тәрбиеленушілері «Көркем сөз», «Хореографиялық өнері», «Эстрадалық ән салу өнері» номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.


«Көркем сөз» номинациясы бойынша 4 жасар Мағауия Дәулет Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы атамыздың монологын нақышына келтіріп, актерлік шеберлікпен орындап, жүлделі Бас жүлдені жеңіп алды. Әділқазы алқасының төрайымы Кошекбаева Пердекул Курасбаевна «Жарайсың, Дәулет, Бауыржан атаңдай батыр бол!» деп тілек білдірді. Дәл осы номинацияда Витковский Никита өз өнерін көрсетті. Никита жас ақын Алмас Темірбайдың «Рақмет саған, ана!» өлеңін таза қазақ тілінде нақышына келтіріп орындап шықты. Соңында төрешілердің «Саған да рақмет, Никита!» деген алғысына бөленіп, Бас жүлдені иеленді. Бөбекжайымыздың ортаңғы топ тәрбиеленушісі Сорокина Валерия қазақтың әйгілі ақыны М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтып, жүлделі І орынды жеңіп алды.


«Хореография өнері» бойынша бөбекжай бүлдіршіндері сәбилер және бүлдіршіндер топтарында өнер көрсетті. Бөбекжайымыздың сәбилер тобы «Вальс» биін жоғары дәрежеде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олар төрешілер тарапынан бірауыздан жоғары  ұпаймен бағаланып, Бас жүлдені қанжығаларына байлады. Бүлдіршіндер топтарының балғындары қазақ биі «Шалқыманы» жоғары дәрежеде орындады. Олар да ең жоғары ұпаймен бағаланып, Бас жүлдені иеленді.


Конкурстың екінші күні «Вокал» номинациясы бойынша күміс көмей әншілер сынға түсті. Сәбилер тобының бүлдіршіндері «Ана туралы поппури» әндер топтамасын орындап, қошеметке бөленді. Бүлдіршіндер жоғары ұпаймен бағаланып, Бас жүлдені иеленді. Бүлдіршіндер тобының қыздары  «Қазағым» әнін жоғары дәрежеде орындап, жүлделі І орынға тұрақтады. Бөбекжайымыздың бұлбұл әншісі Ахметжарова Әмина жеке дауыста «Қазағымсың» әнін үздік  орындап,  көрермендердің ықыласына бөленді. Нәтижесінде Әминамыз  ата-анасы мен тәрбиешілерін Бас жүлдемен қуантты.


Осы Алматы қаласында өткен «Жеті өнер» ІІІ  Халықаралық  балалар мен жастар шығармашылық фестиваль – конкурсына бөбекжай балаларын жоғары дәрежеде дайындаған  бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Сүйменова Аңсаған Ғазизқызы, хореограф Мейрамова Әйгерім Мұхтарқызы, қазақ тілі мұғалімі Дүйсен Мөлдір Дүйсенқызы және жеңіске жету жолында ынтымақтастықта әрекет еткен ата-аналар қауымы мен бөбекжай директоры директоры Жумабаева Салтанат Сапарбековнаның еңбегі зор.


Жалпы нәтиже бойынша «салтанаттық» бүлдіршіндер алты  Бас жүлде, екі І-ші орындарды иеленді. Алдағы күндері де тәрбиеленушілер қала абыройын асқақтатып, алар асулары аласармайтынына сенім мол.

 

 

№ 12 «Салтанат» бөбекжайының пәдіскері

 Аяшева Нургул Бакбергеновна

 

 

{gallery}01/1{/gallery}