oC

2019 жылдың 24 мамыр күні қала мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдары арасында жылдың үздіктерін анықтайтын "Үздіктер слеті" өтті.

 

Мектепке дейінгі мекемелер арасында "Жұлдызды бүлдіршіндер" анықталды. Өзінің бір жылғы жетістіктерінің нәтижесінде бөбекжайымыздың әрі әнші, әрі биші, талантты да білімді тәрбиеленушісі   Ахметжарова Әмина "Жұлдызды бүлдіршін" атанып, бөбекжайымыздың мерейін көтеріп тастады. 29 мамыр күні қаламыздың "Дидар" телеарнасының "Звезды Жезказгана" бағдарламасына барып сұхбат беріп қайтты. Әминаға алдағы өмірде тек сәттілік тілейміз! Жұлдызың әрқашан жарқырып тұрсын демекпіз!