30 мамыр күні "Қарлығаш" тобында "Балалықтан болашаққа" атты бөбекжаймен қоштасу мерекесі өтті.
Мерекеде әр бала өздерін әр қырынан таныта білді. Ән де айтты, би де биледі, ойын да ойнады, тақпақ та айтты, тіпті мереке соңында кішкентай болса да бала жүрегімен қимастық сезімін білдіріп жылап та алды. Балалық шақпен қоштасып, жарқын болашаққа аттанды.
Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызға сәт сапар тілейміз!
{gallery}02/2{/gallery}