Маусым айының басында ҚР "Мемлекеттік рәміздер" күніне орай "MANGILIK EL JASTARY" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛДАРЫ" атты балабақша тәрбиеленушілеріне арналған республикалық онлайн байқау ұйымдастырылды, № 12 "Салтанат" бөбекжайының тәрбиеленушілері Тоғай Үміт, Алтай Сұлтан, Әбдірахманова Әмина қатысты.
Байқаудың мақсаты: Ұлы даланың тыныштығын күзеткен қайсар мінезді, жауынгер ата-бабаларымыздың ерлігін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету болатын. Бүлдіршіндердің бойындағы ұлттық рухын ояту арқылы оларға ерлік пен елдіктің маңыздылығын ұғындыру және шығармашылық тұрғыдан шыңдау біздің міндетіміз.
Нәтижесінде Тоғай Үміт пен Әбдірахманова Әмина І орынды, Алтай Сұлтан ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
{gallery}/02/3{/gallery}





