oC
Заттық-дамытушы орта - заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта. Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Даму ортасы балабақшадағы бөлмелер мен аумақтардың, жабдықтардың, құралдардың, оқу материалдарының тиімді ұйымдастырылуына негізделеді. Бұл орта балалардың жас ерекшеліктеріне, білім беру мақсаттарына және бағдарламаның талаптарына сәйкес келеді. Ортаның дұрыс ұйымдастырылуы балалардың өздігінен әрекет етуіне, ойын мен оқуды үйлестіруге мүмкіндік береді. Бөбекжайымыздағы топтардың орталықтары: Ұлттық құндылықтар бұрышы балабақшадағы маңызды кеңістік болып табылады. Ол балаларды өз елінің мәдениеті мен тарихына жақындатып, оларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Балабақшада ұлттық құндылықтар бұрышын тиімді ұйымдастыру балалардың патриоттық сезімдерін дамытуға, олардың мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және болашақта осы құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге көмектеседі. Сюжетті-рөлдік ойындар орталығы –балалардың жасына сәйкес ойындарға қажетті материалдар мен ойыншықтар: ұлттық, маусымдық киімдегі қуыршақтар, «киіз үй және оның жабдықтары» ойын жиынтығы, ойыншық жиһаз, ойыншық ыдыстар жиынтығы, машиналар, көліктер жиынтығы (жеңіл, жүк, әуе, су, арнайы), құммен ойнауға арналған жиынтық, ойыншықтар, туған өлке туралы иллюстрациялық альбомдар, көкөністер мен жемістердің муляждары орналастырылған. Театрландырылған ойындарға арналған бұрыш –ертегі кейіпкерлерінің маскалары, қуыршақ, саусақ, үстел үсті, көлеңке және басқа түрлі театрлар орналасқан. Ойындарға арналған атрибуттарды таңдау, әртүрлі ойын түрлерінде балалардың қызығушылықтарын жүзеге асыруға жағдай жасалған. Демалыс орны және балалардың оңаша ойнауына арналған орын, 1-2 баланың топтағы балалардың қызу әрекетінен алшақтап, демалуына немесе бірлесіп, кітап қарауға және дербес ойнауына ыңғайлап жасақталды. Демалыс орны шағын көрпелер мен жастықтар, жұмсақ ойыншықтармен жабдықталған. Кітап бұрышы балалардың күнделікті кітаптарды өздігінен қарастыруға, ондағы таныс шығармаларды бір-бірімен талдауға, балаларға кітаптарды оқып беруге, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал етуге арналған. Балалардың жасына сәйкес кітаптардан тұрады. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту орталығында ұсақ моториканы дамытуға арналған дидактикалық ойыншықтар, дидактикалық ойындар (санау, түс, өлшем, геометриялық пішіндер, тірі және өлі табиғат, жыл мезгілдері, кеңістікпен уақытты бағдарлау), үлестірмелі геометриялық пішіндер жиынтығы, жазық геометриялық пішіндр жиынтығы, бөлшекті пазлдар, әртүрлі тақырыптағы лото, суретті домино, дамытушы үстел ойындары, мозайка және басқалар балалардың жасына сәйкес орналастырылған. Табиғат бұрышында педагог балалармен бақылаулар, қарапайым тәжірибелер, танымдық, зерттеу, еңбек әрекеттерін, қоршаған ортамен таныстыруды ұйымдастырады. Шығармашылық орталығы балалардың қоршаған ортаның әсемдігіне қызығушылығын қалыптастырады, мұнда балалар қызығушылықпен сурет салады, мүсіндейді, жапсыру жұмыстарын орындайды. 11