
Ата – аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе
Балабақшада ата-аналарымен жұмыс жүргізу – балалардың тәрбиесі мен дамуы үшін өте маңызды. Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнату баланың білім алуы мен дамуына жағымды әсер етеді. Бұл жұмыс ата-аналардың балабақшаға деген сенімін арттырып, баланың отбасымен және балабақша ұжымымен өзара байланысын нығайтады.
Балабақшадағы ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тәжірибелер:
1. Ата-аналармен үнемі ашық коммуникация орнатуда қолданылатын әдістер:
- Кездесулер мен жиналыстар: Ата-аналармен жоспарлы жиналыстар өткізу. Бұл жиналыстарда баланың дамуы, оқу процесі, тәрбие мәселелері туралы сөйлесіп, ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалады.
- Әлеуметтік желілер мен чаттар: WhatsApp немесе Facebook сияқты әлеуметтік желілерде балалардың жетістіктері, мектепке дейінгі білім туралы ақпараттары жарияланып отырылады.
2. Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар мен шығармашылық жұмыстар
- Отбасылық мерекелер мен байқаулар: Ұлттық мейрамдар немесе балаларға арналған арнайы шараларды ата-аналармен бірге өткізу (мысалы, Наурыз, Жаңа жыл, Балалар күні)
3. Ата-аналарға арналған тренингтер мен шеберлік сабақтары
4. Тұрақты кері байланыс және баланың дамуын талқылау
- Жеке кездесулер мен кеңестер: Бала дамуы бойынша ата-аналармен жеке кездесулер ұйымдастырылады. Бұл кездесу барысында баланың жетістіктері мен қиындықтарын талқылап, ата-аналарға кеңес беріледі.
- Хабарламалар: Баланың күнделікті іс-әрекеттері туралы ата-аналарға қысқаша ақпарат беру
5. Ата-аналармен сенімді және құрметке негізделген қарым-қатынас орнату
- Ата-аналардың пікірлерін тыңдау: Ата-аналардың сұрақтарына, ұсыныстарына және пікірлеріне мән беру.
- Жақсы нәтижелерді атап өту: Баланың жетістіктерін ата-аналармен бөлісу және оның еңбегін бағалау. Балалар мен ата-аналардың арасында қуаныш пен мақтаныш сезімін қалыптастыру маңызды.
- Қиын жағдайларды бірге шешу: Егер балада мінез-құлық немесе оқу қиындықтары болса, оларды ата-аналармен бірге талқылап, шешу жолдарын іздестіру
6. Ата-аналарға қолдау көрсету
- Күнделікті өмірде ата-аналарға көмек көрсету: Ата-аналарға балалардың дамуына қатысты кеңестер мен қолдау көрсету. Баланың тәртібі немесе психологиялық жағдайы туралы маңызды ақпаратты бөлісу.
«Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» құрылды.
Мектептердің міндеті - ата-аналар мен балалардың арасында қарым-қатынас мәдениетін дамыту, өзара түсіністік, екіжақты сыйластық, сыпайылық сақтау, мейірімділік таныту, үлгі болу (ата-аналар, педагогтер және басқалар үшін), ұрпақтар сабақтастығын тәрбие жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.
«Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебінің» қызметі балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, оларды мәдени - әлеуметтік нормаларға баулуға, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
«Әжелер мектебін», «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастыру нысандары: консультациялар; сұхбаттасу; пікірталастар; семинар-практикумдар; шеберлік сыныптары; шығармашылық шеберханалар; дөңгелек үстелдер; ашық есік күндері; спорттық сайыстар; отбасылық тәрбие бойынша тәжірибе алмасу; көрмелер ұйымдастыру; қойылымдарға, спектакльдерге, мерекелерге, концерттерге, викториналарға, экскурсияларға қатысу; ұлттық ойындар сайыстары.
