13 желтоқсан күні № 12 «Салтанат» бөбекжайында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға бөбекжай тәрбиешілері, бүлдіршіндері және ата-аналары қатысты.
Еліміздің тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік іс-шара біздің бөбекжайда өте жоғары дәрежеде аталып өтті. Бөбекжайда «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Бөбекжай бүлдіршіндері Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін патриоттық сезіммен, жүректеріне қолдарын қойып, тебірене орындады. Мерекелік ертеңгілігіміз «Қазақ билерінің шешендігі» көрінісімен басталды. Қойылымға «Раушан» тобының бүлдіршіндері Фермебай Мағжан, Асылбаев Мансұр және «Күншуақ» тобының бүлдіршіні Бейсен Темірлан қатысып, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би рөлдерін шеберлікпен сомдап шықты. Қойылымда қазақ халқының шешендік сөздері көрініс тапты.
Бөбекжай бүлдіршіндері тәуелсіздік мерекесіне деген құрметін ән-шашумен, бимен, жыр-шумақтарымен жеткізіп, бейбітшілік заманда, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқандығы үшін зор алғыстарын білдірді. Атап айтсақ «Алаш ұландары», «Тойға шашу» атты ұлттық нақыштағы қазақ билерін орындады, «Тәуелсіз ел ұраны», «Қазақстаным» және «Он алтыншы желтоқсан» әндерін шырқады.
Сонымен қатар «Азат елдің азат ұлы» көрінісіндегі Азат атты бүлдіршіннің дүниеге келіп, елім деп, қазағым деп, айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат болып өсіп, желтоқсан ызғарына төтеп берген азамат тұлғасына айналу жолындағы сюжет, жүректі тебірентіп, көзге жас ұялатты.
Желтоқсан қасиетті де қасіретті. Көтеріліске шыққан жастардың рухы Тәуелсіздіктің киесіндей көрінеді. Олардың асқақ армандары орындалды, азаттықтың ақ таңы атты. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, Отанға адал қызмет ету қасиетті парызымыз, міндетіміз.
{gallery}-/2{/gallery}