oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/02/6
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/02/6

2019 жылы 25 желтоқсан күні № 12 «Салтанат» бөбекжайының «Қарлығаш» және «Ботакөз» топтарында «Аяз атаны іздеген Аққала» тақырыбында жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

 

Ертеңгілікке Аққала қонаққа келіп,  балалармен «Шыршаны безендір» ойынын ойнады.  Балалар Аққалаға арнап «Аққала» әнін шырқады. Сондай-ақ жаңа жыл кешіне  орман аңдары Түлкі мен Қасқыр  да келіп, Аяз атаның жолын қармен жауып кеткендігін айтып, мерекені тоқтатпақшы болды. Бірақ балалармен ойын ойнап, би билеп, ән салған соң аңдардың көңілі көтеріліп қалды. Қасқыр мен Түлкі Аяз атаға жоғалған сыйлықтарды табуға көмектесіп, балаларды қуантты. Ал Аққала Аяз ата мен Аққаланың жолын ашып, балаларды қуантты.

 

Бұл ертеңгілікке Аяз Ата мен Ақшақар келіп бүлдіршіндерді құттықтады. Аяз Ата, Ақшақар алдында балақайлар тақпақтарын айтты. Аяз атаға арнап «Аяз атамыз» әнін орындады. Балақайлар «Шыршалар» «Аңдар» биін биледі. Аяз Ата оларға сыйлықтарын берді. Жаңа жыл мерекесі құрметіне əсем безендірілген шыршаны айналып балалар əн шырқап, би биледі. Мерекелік ертеңгілік аяқталар сəтте əр бүлдіршінге арналып мерекелік сыйлықтар( ұл балаларға мәшине, қыз балаларға ыдыстар және барлық балаларға жемістер мен тәтті сый) таратылды. Балалар бөбекжайдан сыйлықтар алып, қуанып қалды.

 {gallery}02/6{/gallery}