oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/0-0/4
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/0-0/4

№12 «Салтанат» бөбекжайында «Өзін- өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында 2020 жылғы 11 ақпан күні педагог-психолог А.А.Бейсенова тәрбиешілермен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

        

Тренингтің мақсаты бір-бірімен тікелей байланыста болатын адамдар арасындағы психологиялық климатты, жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру болды.

 

Тренинг барысында "танысу", "шаттық шеңбері", "баяндама", "сергіту сәті" және т.б. жаттығулар өткізілді.

 

Тренингке талдау жасай отырып, ұжымдағы қарым-қатынас ынтымақтастық, өзара көмек, тілектестік қағидаттарында құрылатыны атап өтілді; жиналғандардың көпшілігі бірлескен істерге әуестеніп қатысып, қарым-қатынаста қолдау басым болды. Бұған ықпал етті:

 

- қызметкерлердің жеке қасиеттері (ашықтық, әзіл сезімі, коммуникабельділік);

 

- педагогтардың кәсіби қасиеттері (әдістемелерді білуі).

 

Бірлескен қызмет барысында қатысушылар жеке және топтық мүдделердің ұқсастығын атап өтті. Ойын жағдайларын ойнау психикалық және бұлшық ет шиеленісін жоюға, барлық қатысушыларға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектесті.

 

Жалпы кездесудің нәтижесі оң болды. Барлық қатысушылар осындай сабақтарды өткізу қажеттілігі, ұжымның барлық мүшелерімен өзара қарым-қатынасты құру үшін олардың пайдасы туралы айтты.

{gallery}0-0/4{/gallery}