№ 12 «Салтанат» бөбекжайында Жаңа жыл мерекесіне орай «Жұлдыз» тобында «Келді міне жаңа жыл» атты ертеңгілік болып өтті.
Ертеңгілік қонақтары болып, Аяз ата, Ақшақар, Түлкі мен Қасқыр, Тышқан келді. Түлкі мен Қасқыр шырша шамын сөндіріп, мерекені болдырауға сөз байласты. Екеуі сыйлық алу үшін мәнерлеп би билейді. Аяз атаның жолын жауып тастайды. Бірақ балалар барын салып өз өнерлерімен оларды таңқалдырады. Аяз атаға арнап жыр шумақтарын айтады, ән айтады. Түлкі мен Қасқырмен бірге ойын да ойнайды. Сикімді Ақшақар балалармен би билейді. Соңында Түлкі мен Қасқыр райынан қайтып балалармен бірге би билеп, Аяз атадан сыйлық алып орманға оралады. Ертеңгілік өте қызықты әрі мағыналы болды. Балалар Аяз атадан сыйлықтар алып, қуанышқа кенелді.
{gallery}0-0{/gallery}