Ақпан айының алтысы күні № «Салтанат» бөбекжайының «Раушан» тобында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Дос болайық бәріміз!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Балалар тәрбие сағатына қызығушылықпен қатысты. Бүлдіршіндер бейне роликтен «Екі дос» ертегісін қызыға тамашалап, қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Балалар достық туралы өлең шумақтарын, мақал- мәтелдер айтты. «Досыңды дауысынан таны» және «Ренжістік, достастық» ойындарына белсене қатысты. Тәрбие сағаты соңында достық жүрек макетіне өздерінің дайындаған кішкентай жүрекшелерін қадап, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға, жағымды қарым-қатынас орнатуға, адалдыққа, шынайылыққа жақын болуға бағыт-бағдар алды.
{gallery}01/5{/gallery}