Өзін- өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы атты онкүндік аясында бөбекжайымызда құрылған жоспар бойынша сурет көрмесі ересектер мен ортаңғы топтар арасында өтті.
«Мейірімді жүрек» атты тақырыптағы сурет көрмесі ересек топтардың арсында өткізілді. Көрменің мақсаты - балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу.Шығармашылыққа баулу, өнерге деген қызығушылығын ояту. Сурет көрмесіне балабақшамыздың ересек «Жұлдыз» тобы мен «Қызыл телпек» тобының тәрбиеленушілері қатысты. Берілген тапсырмаға балалар сурет салуда өздерінің қызығушылығымен, ынтасымен қатысты.
Ортаңғы топтар арасында өткен «Мен және менің отбасым» атты тақырыптық сурет көрмесіне «Бауырсақ». «Раушан», «Күншуақ» топтарының тәрбиеленушілері бар жылуларымен қатысты. Іс - шараның мақсаты- өсіп келе жатқан ұрпаққа отбасы туралы түсінік беру, өз жанұсұясы туралы әңгімелеп суретін салу, тәрбиелеу кезінде отбасылық салт дәстүрлерді қолдау және дамыту, шығармашылығын дамыту, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады. Тәрбиеленушілер тақырыпқа сай өздерінің отбасын бейнеледі. Сонымен қатар өздерінің жанұясы туралы қысқаша мәліметтер айтып берді. Өздерінің отбасына жақсы тілектер айтты.
Бөбекжай тәрбиеленушілері көрмеге белсене қатысып, өздерінің ойларын тақырыпқа сай суреттеп жеткізді.
Бейнелеу өнері мұғалімі: Ильясова С.С.
{gallery}0-0/3{/gallery}