oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/003/5
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//003/5

2020 жылдың 12 ақпан күні Жезқазған қаласындағы № 12 «Салтанат» бөбекжайының «Жұлдыз» тобында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында  «Мен Отанымды сүйемін!» атты ашық ҰОҚ өтті. ҰОҚ тәрбиеші Г.С.Тлегенова өткізді. Мақсаты:  балалардың  халқына, ұлтына  деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін туғызу, туған елі  - Қазақстанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Тәрбиеші ҰОҚ Отан дегеніміз не? Біз қандай елде тұрамыз? Тұңғыш Президентіміз кім? Қазіргі Президентіміз кім? Астанамыз қай қала? Рәміздеріміз қандай? деген жетелеуші сұрақтары арқылы ой қозғау сәтімен бастады.  Одан әрі балалар өздерінің сүйікті қалалары туралы әңгімелеумен жалғасты. Әр бала өздеріне ұнайтын қалаларын атап, сол қала несімен әйгілі екенін айтып шықты. Одан әрі қарай балалар  ҚР мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеп, өздерінің жаттап келген тақпақтарын тақылдатып айтып шықты.  Балалар рәміздердің авторларын таласа айтып, қойылған сұрақтарға таласа жауап берді.

 

ҰОҚ әже қонаққа келіп күйіз үй лепбугі арқылы бірнеше қызықты тапсырмалар, ойындар ала келді. Әженің тапсырмалары балаларға ұнады. Соңында ҰОҚ қорытындыланып, балалар өздеріне ұнаған сәттерін айтып шықты.

 

{gallery}/003/5{/gallery}