oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/02/0
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//02/0

Міне, молшылығы мен байлығын арқалап, жарқыраған жарқын күз келді. Күз даланы алтын түске бояды. Қазан айының 26-сы күні бөбекжайымыздың кіші топтарында («Алқызыл гүл», «Бақ-бақ») күз мерекесі аталып өтілді. Мереке топтарында өтті. Мерекені кішкентай бүлдіршіндер әсем бимен бастады. Бүлдіршіндер мерекеге өте жоғары деңгейде дайындалған. Бірі көкөніс боп киінсе, бірі жеміс болып киінген, кейбірі сап сары күз боп киінген. Балалар ерекеде бар өнерлерін салды. Ән айтты, биледі, өлең шумақтарын айтты. Күзбен, көкөністермен көңілді ойын да ойнады. «Көкөніс пен жеміс жина», «Күн мен жаңбыр» ойындарын ойнады. «Күз келді», «Жау жаңбыр» әндерін шырқады.  Мерекеде бүлдіршіндерге аю қонаққа келді. Балалар аюмен «Аю, аю, тұршы» ойынын ойнады. Алма мен сәбіз де қонақ болды. Бүлдіршіндердің ата-аналары да еңбектеніп, күз мерекесіне арнап қолдан бұйымдар жасады. Әр топта күз мерекесіне арналып, «Күз сыйы» көрмесі ұйымдастырылды. Сөйтіп күз мерекесі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

{gallery}/02/0{/gallery}