Қазан айының 27 күні бөбекжайымыздың ортаңғы топтары «Раушан» және «Жұлдыз» топтарында «Арайлы, алтын күз!» атты күз мерекесі аталып өтілді. Бұл мерекеге ортаңғы топ бүлдіршіндері үлкен дайындықпен келді. Мерекені бүлдіршіндер әсем бимен бастады. Мереке көтеріңкі көңіл күйде өткізілді. Бүлдіршіндерге қонаққа күзгі орманнан түлкі келіп, балалармен көңілді ойын ойнады. Түлкінің қулығын жүзеге асыртпаймын деп күн бұлттанып жаңбырын ала келді. Балаларға ертегі кейіпкерлері өте қатты ұнады. Мереке ортасында балаларға алма мен сәбіз қонаққа келіп, күз байлығын сыйға тартты. Бүлдіршіндер Күз ханшайымын шақырып, тақпақтар айтты, ән салды, ойын ойнады. «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері ханшайымға «Шалқан» ертегісін сахналап берді. Кішкентай бүлдіршіндер өз рөлдерін әдемі сомдап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бүлдіршіндер мерекені әсем бимен аяқтады. Күз ханшайымы балаларға күз сыйын тарту етті. Балалардың қуанышында шек болған жоқ. Ендеше бүлдіршіндеріміз ауырмай, көтеріңкі көңіл күйде бола берсін демекпіз!
{gallery}-2/3{/gallery}