«Қазақ тілін сүйеміз!»
22-26 ақпан аралығында бөбекжайымызда «Қазақ тілін меңгереміз» атты қазақ тілі апталығы ашылды.
Апталықтың мақсаты: Тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі екендігіне кең түсінік бере отырып, елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
Апталықтың 1-күні – «Қазақ тілін сүйеміз!» деп аталды.
Қазақ тілі апталығы аясында 22 ақпан күні бөбекжай ата-аналары мен педагогтері арасында «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты онлайн түрде мәнерлеп оқудан бәйге-жарыс ұйымдастырылды. Мәнерлеп оқу бәйгесіне 30-ға тарат ата-ана мен педагогтер қатысты. Қатысушылар қазақ ақындарының тіл тақырыбына жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мәнерлеп оқу қорытындысы facebook және instagram желісі арқылы лүпіл жинау әдісімен апта соңында шығарылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталатын болады.
Сонымен қатар осы қазақ тілі апталығы аясында бөбекжай педагогтері және балалары «Қара жорға» биінен флешмоб биледі.
#тілімтірегімсоғыптұрғанжүрегім