oC

«Қазақ тілін меңгереміз» атты қазақ тілі апталығы жоспарына сәйкес бөбекжайдың барлық жастағы топтары «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен театрландырылған қойылымдар көрсетті. Ересек топтар мен ортаңғы топтар ертегіні сахналап көрсетсе, кіші топ балалары қуыршақ театрын тамашалады. Ересек топ балалары ертегі кейіпкерлерін нақышына келтіріп сомдап шықты. Ертегіні сахналау балаларға қатты ұнады.

Одан әрі барлық топта «Менің алғашқы кітаптарым» атты балалар кітаптарының көрмесі өтті. Көрмеде қазақ  ертегілері, әңгімелері, ақындар өлеңдерінің кітаптары сонымен қатар суретті кітаптар болды. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарын көрді. Тәрбиешілер балаларға ертегі оқып берді. #krg #тілімтірегімсоғыптұрғанжүрегім